Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әншілігімізді қарық қылып алайық": Еркін Нұржанов мемлекеттік қызметке келу жайлы ойын айтты

Опубликовано:

Еркін Нұржанов
Еркін Нұржанов. Фото: Instagram/ erkin_nurjanov_official

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Еркін Нұржанов өзге әріптестері секілді мемлекеттік қызметке келуге қатысты пікір білдірді. Өнер иесі әзірге әншілігімен қатар басқа қызметті алып жүргісі келмейтінін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркін Нұржанов "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақта болып, алдағы уақытта мемлекеттік қызметке келу жайлы ойын айтты. Өнер иесі бүгінде әншілігі өзі үшін аса жауапты қызмет екенін алға тартты.

"Қызметке құмар болсақ, осы уақытқа дейін барар ма едім. Осы әншілігімізді қарық қылып алайық. Әркімнің өз пікірі бар ғой. Бірақ дәл менің жағдайыма осының өзі бір үлкен қызмет, үлкен жауапкершілік сияқты. Осы мойнымызға артылған жүкті аман-есен, абыроймен ел алдында жаман жағдайларсыз атқарып шықсақ шүкір деп оайлаймын. Ал енді қызмет керек екен деп оған барып, ол жерде абыройсыз болып жүргеннен гөрі өз жұмысымды істей бергенім артық. Бірақ алда не боларын білмейміз. Қызмет ұсынып жатса, көрерміз. Алайда өзімнің құлшынысым мен ынтам әзірге жоқ", - деді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049367-ansiligimizdi-qaryq-qylyp-alaiyq-erkin-nurzanov-memlekettik-qyzmetke-kelu-zaily-oiyn-aitty/

pixel