Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінезім ауыр": әнші Бауыржан Исаев өзімен жұмыс істеу оңай еместігін айтты

Опубликовано:

Бауыржан Исаев сахнада ән айтып тұр
Бауыржан Исаев. Фото: 1show.kz

Әнші Бауыржан Исаев продюсерсіз, менеджерсіз жұмыс істейтінін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі мінезінің ауыр екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, өзімен жұмыс істеу оңай емес.

"Өмірімде 4 жыл продюсерім болды. 2000 жылдан бері 23 жыл өтті, продюсерсіз жұмыс істеймін. Көбісі "Бауыржан салмақты жігіт шығар" деп ойлайды. Бірақ, мінезім ауыр. Қырсық адаммын. Менімен жұмыс істеу оңай емес.

"Аға, сізге менеджер керек шығар" деп ұсыныс та түседі. Жігіттер, қоя салыңдар деймін. Өз жұмысымды өзім істей аламын деймін. Бәрі маған тікелей хабарласады. Маған қиын емес. Өзіме өзім билет ала аламын. Жоспарлап, келісіп, түсірілімге өзім костюм арқалай аламын. Менімен жұмыс істеу оңай емес. Сыртымнан салмақты болсам да, мінезім ауыр", - деді Бауыржан Исаев.

Айта кетейік, осыған дейін өнер иесі көпбалалы әке екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049369-minezim-auyr-ansi-bauyrzan-isaev-ozimen-zumys-isteu-onai-emestigin-aitty/

pixel