Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш ай ғана араластым": Тәуекел Мүсілім әкесінің екінші отбасы жайлы айтты

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Тәуекел Мүсілім. Видеодан кадр: Айдос Ербосынұлы/Youtube

Актер Тәуекел Мүсілім әкесі мен анасының бала күнінде ажырасып кеткенін айтты. Өнер иесі Айдос Ербосынға берген сұхбатында әкесімен үш ай ғана жақын араласқанын баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем жайлы көзін көрген кісілер "Батыр болған" деп мақтап жатады. Мен ол кісімен көп араласа алмадым. Бала кезде ата-анамыз ажырасып кетті. Мен анамның қолында қалдым. Әкем Шымкентте қалды. Мен Алматыдамын.

Үш ай ғана жақсы араластық. Мен 9-10-сыныпты аяқтап жаттым. Сол кезде үш ай демалыста барып, әкеме көмектестім. Ол кісінің жеке кәсібі болды. Көлік жуатын орталығы, мейрамханасы бар еді. Сол жерде әкімші болып жүрдім. Мен үшін өте жақсы кезең болды. Спортқа жақын кісі болды. Өзі айтпаса да, жасаған жақсылығын өзге кісілер айтады , - деді Тәуекел Мүсілім.

Сонымен қатар актер әкесінің екінші жарынан бес баласы барын да айтты.

"Әкемнің екінші әйелінен бес бала бар. Үш ұл, екі қыз", - деді Тәуекел Мүсілім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049372-us-ai-gana-aralastym-tauekel-musilim-akesinin-ekinsi-otbasy-zaily-aitty/

pixel