Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол кезде Ерке тарихта жоқ": Әнші Бота Бейсенова ел арасындағы қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Ғани мен Бота
Ғани мен Бота. Фото: Instagram/bota_beisenova_

Қазақстандық танымал әнші әрі композитор Бота Бейсенова өзін Ерке Есмаханға еліктейтінін айтып жүрген оқырмандарына желіде жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бота Бейсенова Instagram парақшасында жазба жариялап, жас кезіндегі суретін бөлісті. Өнер иесі өзін Ерке Есмаханға ұқсатып, оған еліктейтінін жазып жүрген жандарға жауап берді.

"Жалындаған жастық шақ! Мені Ерке Есмаханға еліктейсіз деп жазатындар бар. Сол кісілерге жауап берейін. Бұдан біраз жыл бұрын менің имиджім осындай болған! Ол кезде Ерке тарихта жоқ! Мен басынан бастап мықты қызбын! Сәнқой ару болдым! Мына жерде Ғанекем де жігіттің төресі боп тұр ғой! Сымбатты жігіт. Осындай тәтті жұппыз", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың жас кезіндегі суретіне тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049411-ol-kezde-erke-tarixta-zoq-bota-beisenova-ozin-erke-esmaxanga-elikteidi-dep-aityp-zurgenderge-zauap-berdi/

pixel