Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түңғышын дүниеге әкелген Фариза Төреәлі перзентханадан шыққан сәтін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі жұбайымен
Фариза Төреәлі жұбайымен. Фото: instagram.com/farizatoreali

Күні кеше қалың көпшілікке сәбилі болғанын жариялаған Фариза Төреәлі желіде перзентханадан шыққан сәтін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі Instagram парақшасында бақытты сәтінен видео жариялап, күйеуі перзентханадан қалай шығарып алғанын көрсетті.

Бейнежазбадан жұлдызды жанұя өкілдерінің жас ананы гүл шоқтарымен күтіп алып, оны құттықтап жатқанын көруге болады. Перзентханадан шығарып алуға блогер арудың ата-енесі, туған қарындасы Дина және тағы басқа туыстары келген.

Фариза Төреәлі перзентханадан шығып, жақындарымен қауышқанда толыққанды қуана алмағанын айтты. Сөзінше, сол сәтте күйеуі екеуі оның қауіпті дертке күдігі бар екенін біліп шыққан.

Алайда Дархан Нортаев бұл жайтқа қарамастан келіншегі мен баласын ерекше күтіп алуды жөн көрген. Ол үйіндегі бөлмені ерекше безендіріп, сүйіктісіне 1001 раушан гүлін сыйлаған.

"Біз көп аңсаған, елестеткен, арман еткен күн. Бөпетайымызды аман-есен қолға алып жақындарымызбен қауышу. Алайда бәрі біздер пенделер қалағандай бола бермейтіні, тек Алла жоспарымен болатынына тағы дәлел. Жаман диагнозға күдік бар екендігін Дархан екеуміз естіп алып шықтық, өзімді емес, бөбегімді ойлап езіліп, отбасыма алаңдап, болашақты уайымдап, өмір жайлы, осы уақытқа дейін жасаған жұмыс, амал бәрін қорыта алмай тұманда тұрғандай болған кез.

Қызығы жақындарымыздың көбі ол жайлы білмейтін. Солай не толық қуанарыңды білмей, не тамағыңнан өксік кетпей тұрған сәттер бұл жерде.. Әкетайы бізді ештеңеге қарамастан ерекше күтіп алды. Қазір қарап отырсам бәрі артта қалды, шүкір. Өмір жайлы ойландырып, амалдарыма толғануға себепші болған бөпетайым. Аллаһым еш баланы ата-анасыз, еш ата-ананы баласыз қалдырмасын", - деп жазды Фариза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049574-tungysyn-duniege-akelgen-fariza-toreali-perzentxanadan-syqqan-satin-korsetti-video/

pixel