Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: Қазір өзімді бақытты әйелмін деп айта аламын

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Райм ұлымен
Ерке Есмахан мен Райм ұлымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жаңа жазба жариялап, қазіргі жағдайын бөлісті. Өнер иесі бүгінде өзін нағыз бақытты әйел ретінде сезіне бастағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан екінші сәбиін дүниеге келгелі өміріндегі құндылықтары өзгере түсуде екенін алға тартты. Әнші жар әрі ана ретінде өзіне көңілі толатынын айтты.

"Қазір өзімді бақытты әйелмін деп айта аламын. Аллаға шүкір. Әйел, жар, ана ретінде өзіме көңілім толады. Құндылықтар өзгере түсуде. Жүрегім тыныш, айналамды жақсы көріп, қатты ақкөңіл болып кеткенмін. Тіпті бар киімдерімді сатып тастаппын ғой. Киетін киімім де қалмапты.

Әйел деген сылдырлап аққан бұлақ сияқты тап-таза, энергиясы толық болу керек. Сондай әйелдер ештеңеге қарамастан бақытты болады. Әйелдер оқып дамыған сайын сүйікті де, бай да болады. Осыған көзім жетті", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049581-erke-esmaxan-qazir-ozimdi-baqytty-aielmin-dep-aita-alamyn/

pixel