Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір әйел жетеді": Нұрлан Қоянбаев жұбайына үй тірлігіне көмектесетінін айтты (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнес Үндістанда" фильмінің түсірілімінде. Фото
Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнес Үндістанда" фильмінің түсірілімінде. Фото: Instagram/Нұрлан Қоянбаев

Актер Нұрлан Қоянбаев екі әйел алуға қатысты көзқарасын айтты. Өнер иесі жұбайына үй тірлігіне көмектесетінін және отбасына қажетті қаражатты әйелі ұстайтынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны әнші Аян Бірбаева Instagram парақшасына жариялады.

Әнші Нұрлан Қоянбаевтан "Екінші әйелге қарайсыз? Екінші әйел алғанға қарсы емессіз бе? Үй тірлігіне көмектесесіз бе?", - деп сұраған.

Ал Нұрлан Қоянбаев түнде жұмыстан келіп, ыдыс жуып қоятынын айтты.

"Үй шаруасына көмектесемін. Кір жумаймын, үй тазаламаймын. Кейде түнде келгенде, ас үйдің есігін жауып қойып, ыдыс жуамын. Үйге жұмсалатын ақшаның бәрін әйелім жаратады.

Ал екінші әйел алуды әр адам өзі біледі. Маған бір әйел жетеді", - деді Нұрлан Қоянбаев.

Ал желі қолданушылары Нұрлан Қоянбаевтың бұл жауабына риза болып, жарыса пікір қалдырды.

"Нағыз ер азамат", "Төрт әйел аламын дейтіндер көрсін", "Керемет адам", "Ер адамның санасына берсін", "Жарайсыз", - деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049584-bir-aiel-zetedi-nurlan-qoyanbaev-zubaiyna-ui-tirligine-komektesetinin-aitty-video/

pixel