Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббаттан жолым болды": әнші Қобыланды Болат келіншегі туралы айтты

Опубликовано:

Қобыланды Болат
Қобыланды Болат. Фото: Instagram/kobylandy_bolat

Қазақстандық танымал актер әрі әнші Қобыланды Болат келіншегі туралы сөз қозғап, репертуарында не себепті кілең лирикалық әндер екенін түсіндірді. Өнер иесі жаралы жүрек туралы ән шырқаса да, шынайы өмірде махаббаттан жолы болғанын айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қобыланды Болат Алматы қаласында жеке шығармашылық кешін өткізіп, "Ревю" бағдарламасына сұхбат берді. Оның барысында өнер иесі келіншегі жайлы айтып берген. Сөзінше, әйелі екеуі бесінші сыныптан бері бір-бірін таниды.

"Махаббаттан жолым болды. Өте жолым болған азаматпын. Бірақ өнерге келгенде сондай жаралы жүрек болып әндер жазып жатырмын. Бірақ арнайы мақсатты түрде жазып жатқан жоқпын. Ішімнен сондай лирикалық әндер шығады. Әйеліммен бесінші сыныптан бері біргемін. Аллаға шүкір махаббатымыз әлі де лаулап тұр. Махаббатты лаулату үшін шынайы жақсы көру керек, түсіну керек, қолдау керек. Қазіргі уақытта музам жоқ. Әлі таппай жүрмін", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049630-maxabbattan-zolym-boldy-ansi-qobylandy-bolat-kelinsegi-turaly-aitty/

pixel