jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бәрі мені күтіп жүр": Әнші Гүлмира Ізбасқанова өзінің "сырғалым" атанғанына қатысты жауап берді

    Гүлмира Ізбасқанова
    Гүлмира Ізбасқанова. Фото: instagram.com/gulmira_izbaskhanova

    Қазақстандық жас әнші Гүлмира Ізбасқанова желіде өзінің "сырғалым" атанғаны жайлы қауесетке жауап берді. Ол бұл жайт үшін көпшіліктен кешірім сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлмира Ізбасқанова "Мархабат" бағдарламасында қонақта болып, ел арасында айтылып жатқан қауесетке жауап берді. Әнші ару өзіне ешкім сырға салмағанын айтты. Ол әзіл ретінде бөліскен видеосын көпшілік шын көріп қалғанын жеткізді.

    "Осыны айтатын кез келіпті, сәті түсіпті. Біріншіден, халықтан кешірім сұраймын. Бәрі шынымен қатты қуанды. Бәрі мені күтіп жатқандай болып көрінді. Негізі арам ойым болған жоқ. Бұл сырғаны маған әпкем сыйлаған. Соны әзілдеп желіде жариялағанмын. Соны ары қарай алып кетіп, бәрі шын көріп қалыпты. Сосын не істерімді білмей қалдым. Кешірім сұрап, шындықты айтайын ба? Әлде үндемей-ақ қояйын ба деп ойланып қалдым. Бәрінен кешірім сұраймын. Бірақ халыққа риза болдым. Ниеттеріңізден айналдым, сол орындалып кетсе екен", - деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.