jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қаншама жасырын аққан көз жасы ": Төреғали Төреәлінің қарындасы қуанышын бөлісті

    Дина Төреәлі
    Дина Төреәлі. Фото: Instagram/tattti_kyz

    "Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желіде жаңа жазба жариялап, әпкесі босанғаннан кейін өз әсерін бөлісті. Блогер ару отбасымен бұл сәтті ұзақ күткенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дина Төреәлі Instagram парақшасында қуанышын бөлісіп, көпшіліктен құттықтау қабылдауға дайын екенін айтты.

    Блогер арудың сөзінше, бұл бақытқа жету жолында қаншама көз жасы төгіліп, сансыз дұға-тілек айтылған.

    "Жаңа статусыммен құттықтап қойыңыздар. Бес мәрте тәте болсам да осы жолы мүлде басқаша, ерекше сезім "Нағашы тәте" атану. Алла ұлық, сансыз шүкірлер болсын. Арманмен қаншама жасырын аққан көз жас, қаншама дұға-тілек. Аллам жүрегімізбен сұрағанымызды ұзақтау күттірсе де беріп жатыр. Жандарымды шын жүректен құттықтаймын. Балапанның бауы берік, дені сау, өмір жасы ұзақ болсын! Алла шексіз мейірімді, Алла әділетті. Сәби аңсап жүрген әр отбасыға осы бақыт бұйырсын деп тіледім", - деп жазды ол.

    "Қаншама жасырын аққан көз жасы ": Төреғали Төреәлінің қарындасы қуанышын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.