Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіз ата боласыз": Қуанышты жаңалығын жақындарына жеткізген Фариза Төреәлі олардың эмоциясын көрсетті

Опубликовано:

Фариза Төреәлі отбасына аяғы ауыр екенін хабарлауда
Фариза Төреәлі отбасына аяғы ауыр екенін хабарлауда. Видеодан кадр: Instagram/farizatoreali

Қазақстандық танымал блогер Фариза Төреәлі желіде ерекше отбасылық видеоларын жариялап, елді сүйсіндірді. Жақында ана атанған ару жанұясына аяғы ауыр екенін қалай хабарлағанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығын жақын жандарына қалай жеткізгенін Instagram парақшасында көрсетті. Ол отбасының әр мүшесіне арнайы жазбасы бар торт әзірлеп, олардың алған әсерін видеоға түсіріп алған.

Алғаш болып бұл хабарды білу бақыты Фариза Төреәлінің ата-енесі мен ата-анасына бұйырған. Олар тортты көрген бойда көзіне жас алып, блогер аруды құттықтауға кіріскен.

"Ата-аналарымыздың реакциясы. Торттың үстіне "сіз ата боласыз, әже боласыз" деп жазып осындай тосын-сый жасадық. Қуаныштан еріксіз аққан көз жастарын көріп біздің де көңіл босады. Әрбір жанға балалырының қызығын көріп, немерелі болып ата-әже деген атқа ие болуды тіледік! Бәрін түсіргеніміз қандай жақсы болыпты, сондай жылы естелік сәттерді еске түсіріп отырмыз", - деп жазды Фариза.

Одан кейін Фариза мен Дархан қуанышты жаңалығын Төреғали мен Толқынға естірткен. "Ұлы дала баласы" қарындасының аяғы ауыр екенін естігенде ерекше әсерде болды.

"Нағашы болуды армандайтын және көп дұға ететін. Жақындарымның және халықтың дұғасы қабыл болды. Үміт үзбеу керек ерекше мейірімді, шексіз рахымды Раббымыздан. Алла біздің қол жайып, Одан көп сұрағанымызды жақсы көреді", - деп жазды ол.

Соңында Фариза Төреәлі сіңлісі Динаның бұл хабарға қалай қуанғанын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049791-fariza-toreali-ayagy-auyr-ekenin-zaqyndaryna-qalai-xabarlaganyn-korsetti-video/

pixel