Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған арнап ән жазбады": Роза Рымбаева марқұм Ескендір Хасанғалиевты еске алды

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: "Жібек жолы" арнасы

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева марқұм композитор Ескендір Хасанғалиев туралы айтып, өз жылы естелігін бөлісті. Әншінің сөзінше, сазгердің "Әдемі-ау" әні оның өнердегі бағы мен жолын ашқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаева марқұм Ескендір Хасанғалиев туралы естелігін "Бірегей" бағдарламасында бөлісті. Әнші өзінің репертуарындағы "Әдемі-ау" әнінің шығу тарихын айтып өтті.

Өнер иесі әйгілі композитордың өзіне арнап ән жазбағанына өкінішін білдірді.

"Ескендір ағаның әнін 1975 жылы бірінші рет қазақ радиосында орындадым. Өзім де алғаш рет симфониялық-оркестрдің сүймелдеуімен ән айттым. Өкінішке орай ағам маған арнап ән жазбады. Бірақ "Әдемі-ау" әнін орындап, бірінші рет фонограмма жаздырғаным есімде. Сол радио арқылы халық мені таныды. Одан кейін біраз концертімде шырқадым. Сол әнмен Алматыға келуімді де байланыстырамын. Әнді айтып жүргенде Алматыға әлі келмеген едім. "Әдемі-ау" менің жолым мен бағымды ашқан ән болды. Маған дейін бұл әнді Роза Бағланова апамыз орындаған болатын", – деді Рымбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049796-magan-arnap-an-zazbady-roza-rymbaeva-marqum-eskendir-xasangalievty-eske-aldy/

pixel