Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"200 млн теңгеге жетті": Бағлан Әбдірайымов фильм түсіріп, қарызданып қалғанын айтты

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Әнші Бағлан Әбдірайымов соңғы уақытта продюсерлікпен айналысып, көпшілікке бірнеше фильм ұсынды. Қазіргі таңда жаңа туындыны бастап кеткен өнер иесі түсірілім кезінде актерлерге қарыз болып қалғанын NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдірайымовтың айтуынша, оның жаңа фильмі Qaryz деп аталады.

"Шыны керек, қызық қылғанда бұл жолы қарызға кіріп кеттік. Түсіру тобы мен түскен актерлерге қарыз болып қалдым. Себебі, түсірілім сағаты созылып, таспалау жұмысы 38 күнге созылды.

Одан бөлек үш күндік қосымша түсірілім процесі бар. Ең алғашқы күні таспаланған кадрлер өшіп қалып, қайтадан түсіру қажет болды. Мұның барлығы қосымша шығынды талап ететін жұмыстар", - деді әнші.

Сонымен қатар Бағлан Әбдірайымов түсірілім жұмыстарына өзі ойлаған қаражаттан артық жұмсағанын айтты.

"Сөйтіп, 140 млн теңгеге түсіреміз деп межелеген туындының жарнамамен қосқандағы толық бюджеті 200 млн теңгеге жетті. Дегенмен көңілім тоқ. Себебі, мұндай фильмді қазіргі таңда ешкім түсірмеді деп топшылаймын. Өйткені, біз кино заңдылықтарын бұзбадық. Режиссердің талабы бойынша жеңіл-желпіге жол бермедік", - деді Бағлан Әбдірайымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049815-200-mln-tengege-zetti-baglan-abdiraiymov-film-tusirip-qaryzga-batqanyn-aitty/

pixel