Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлының қасынан шықпайды": Ерке Есмахан күйеуі неге концерттерге шықпай кеткенін айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан декреттік демалысы қалай өтіп жатқанын айтып, алдағы уақытқа жоспарын бөлісті. Өнер иесі бүгінде күйеуі де концерттерге шығуды уақытша тоқтатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында оқырмандарымеен тілдесіп, өнерге қашан оралатынын айтты. Жақында ғана босанған әнші декреттік демалыста ұзақ отырмайтынын жеткізді.

"Алла бұйыртса жоспар көп, бәрі болады. Көптен бері армандаған жеке концертімді де келер жылы жасайтын шығармын" , - деді әртіс.

Сондай-ақ өнер иесі күйеуі Raim-ның неге концерттерге шықпай кеткенін түсіндірді.

"Уақытым жақындаған кезден демалыс алды. Желтоқсанның ортасында концерттеріне қайтып оралады. Ұлының қасынан шықпайды. Кеше көлігін жууға кетіп, жарты жолдан айналып қайтып келді. "Баламды сағындым" дейді. Енді қалай жұмыс істейді екен", - деп жазды Ерке.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Оған қоса Ерке Есмахан ұлы Исламның кіндік шешесін көрсетті. Әнші баласының екінші анасы етіп Айнұр Асанбердіні таңдаған.

Алайда эстрада жұлдызы кіндік әкесінің кім екенін ашып айтпады. Ерке ол жайлы жолдасы Raim өзі айтып беретінін жеткізді.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049835-ulynyn-qasynan-syqpaidy-erke-esmaxan-kuieui-nege-koncertterge-syqpai-ketkenin-aitty/

pixel