Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Мамасарипова "Келінжан" телехикаясының жалғасын түсіре ме

Опубликовано:

"Келінжан" телехикаясы
"Келінжан" телехикаясы. Фото: "Келінжан" телехикаясынан скриншот

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова осыған дейін "Келінжан" атауымен бірнеше маусымға созылған телехикаяны көпшілікке ұсынды. Ол аталмыш сериалдың келесі маусымына қатысты көпшілік көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Продюсерге оқырманының бірі "Келінжанның алтыншы маусымын түсіретін ойыңыз бар ма?", - деп сауал жолдаған.

Ал Мамасарипова бұл телехикаяның түсірілім жұмыстары жалғаспайтынын айтты.

"Өмірімнің ең бір маңызды кезеңінде дүниеге келген "Келінжанның" миссиясы аяқталды. Сарадан басқасына "еншісін" беріп, дүниесін төлеп, атағын да, ақшасын да ұстатып, қоштастым.

Ешкімнің ақысы қалған жоқ деп ойлаймын. Енді ондай жоба бола ма, жоқ па оны да білмеймін... "Келінжан" жүрегімде мәңгі қалады", - деп жауап берді Гүлнұр Мамасарипова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Гүлнұр Мамасарипова елімізге кеңінен танылып, көпшіліктің көңілінен шыққан "Келінжан" телехикаясының актерлері қанша гонорар алғанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049859-gulnur-mamasaripova-kelinzan-telexikayasynyn-zalgasyn-tusiredi-me/

pixel