Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасына сай емес": әнші Шахизаданың ерекше образы желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Шахизада
Шахизада. Видеодан кадр: Instagram/shahizada.art

Қазақстандық танымал әнші Шахизада желіде ерекше жаңа жылдық образдарды көрсетіп, халықтың сынына ұшырады. Көпшілік өнер иесі таңдаған киім оның жасына сай емес екенін айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шахизада жаңа жылдық образдарын Instagram желісінде көрсеткен. Онда әншінің түрлі жылтыр көйлектер киіп, билеп жатқанын көруге болады.

Өнер иесі бүгінде өз мүсініне көңілі толатынын айтып, қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін берді.

"Фигура қалай былай? Өзіме өзім ғашықпын ғой. Өзімізді қолға алып, осылай сұлу болып жүру әрқайсымыздың қолымыздан келеді ғой, қыздар. Өздеріңді бірінші орынға қойып, өздеріңе қарап жүріндер, сұлуларым", - деп жазды Шахизада.

Әншінің ерекше образдағы видеосы бірден елдің қызу талқысына түсті. Оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі Шахизадаға бәрі жарасатынын айтса, енді бірі оның киімі жасына сай емес екенін айтуда.

"Іші өсіп кеткен бе? Аяғы ауыр ма?", "Жасына сай емес. Ұят екен", "Шахизада өз ісін істеп жүрген кәсіпкер әйел. Фигурасы да керемет. Көреалмаушылықты қойыңдар", "Жарайсыз, осылай жас болып жүре беріңіз", "Киімі де, биі де жараспайды", "Қай жаста болса да әдемі болып жүру керек. Бәрі өз қолымызда. Жарайсыз", "Фигурасы от. Бұрыннан ғашықпын", "Ұят екен. Келіні бар адамсыз ғой", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049880-zasyna-sai-emes-ansi-saxizadanyn-erekse-obrazy-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel