jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Сүндет той мен тұсаукесер": актер Жанатбек Бәйтеков қос қуанышын дүркіретіп атап өтті

    Жанатбек Бәйтеков отбасымен
    Жанатбек Бәйтеков отбасымен. Видеодан кадр: Instagram/angine___bolsin

    Белгілі актер әрі жүргізуші Жанатбек Бәйтековтың отбасылық қуанышын дүбірлі той жасап, атап өтті. Мерекелік жиында бірқатар өнер жұлдыздары бой көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жанатбек Бәйтеков балаларының сүндет тойы мен тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті.

    Актердің қос қуанышына барша ағайын-туысы мен өнердегі бірқатар досы жиналған. Олардың қатарында Сәбит Әбдіхалықов, Бүркіт пен Аиша, Бота Бейсенова, Берік Уәли, Сәкен Майғазиев, Мирас пен Құралай, Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков, Жұбаныш Жексенұлы және т.б бар.

    Той иелері балаларымен бірге қазақи нақышта киініп шыққан. Той қонақтары оларды ерекше қошеметпен қарсы алды.

    Дүбірлі тойда болған өнер өкілдері қонақ болып қана қоймай, көпшілікке өз өнерін де паш еткен.

    Жұлдызды жанұяның тойы қалай өткенін Instagram желісінен көріге болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.