Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балжан Бидаш Таиландта қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш бүгінде Таиландта демалып жатыр. Соңғы уақытта қарқынды жұмыс істеген өнер иесі өзіне демалыс жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаштың шетелге ұшып кеткені жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Шоу-бизнес жұлдызы бұл сапарға ойламаған жерден аттанғанын алға тартты. Ол Таиландқа бару идеясы келген бойда оны іске асыруды шешкен.

Балжан Бидаш бүгінде Таиландтың әсем жерлерін аралап, алған әсерін оқырмандарымен бөлісуде.

Әнші желіде асқан белсенділік танытып, ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп жүр. Ол бұл сапарға жалғыз өзі аттанған көрінеді.

Желі қолданушылары әншіге жақсы демалыс тілеп, жылы лебізін білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050158-balzan-bidas-tailandta-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-video/

pixel