Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегейдің отбасылық видеосы елді сүйсіндірді

Опубликовано:

Абай Бегей келіншегіне гүл сыйлап жатыр
Абай Бегей келіншегіне гүл сыйлап жатыр. Видеодан кадр: instagram.com/abai_begei

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Абай Бегей желіде ерекше отбасылық видеосын бөлісіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі жанұясымен бірге танымал Instagram челленджді жасап, оқырмандарын тәнті еткен. Видеода әншінің келіншегі мен балаларын қасына жинап алғанын көруге болады.

Бейнежазбада Абай Бегейдің үлкен қызы мен ұлы ғана жетіспейді.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасының видеосына сүйсініп, өз жылы лебізін жарыса қалдыруда.

"Көз тимесін. Керемет отбасы", "Нағыз үлгілі жанұя. Бақытты болыңыздар", "Керемет, бақыт деген осы", "Қандай әдемі отбасы. Бар жақсылықты тіледім", "Өте әдемі көрініс", "Қандай керемет видео. Осындай бақытты сәттеріңіз көп болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050192-abai-begeidin-otbasylyq-videosy-eldi-suisindirdi/

pixel