Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызымды саған тапсырам": Мадияр Серікбаев әйелімен қалай танысқанын айтты (видео)

Опубликовано:

Мадияр Серікбаев жары Дана Тұрарбекпен
Мадияр Серікбаев жары Дана Тұрарбекпен: youtube/@NartayAralbyuli

"Өнер қырандары" театрының актері Мадияр Серікбаев әйелі Данамен университетте бір топта оқыған. Өнер иесі "Қызық Times" бағдарламасында жұбайымен қалай отау құрғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Оқуға түсемін. Топта староста боламын. Дананың анасы келіп, бәрімізге бәліш әкеледі. "Бәрің баламдайсыңдар" дейді. Дана ол кезде 17 жаста. Топтың ең кішкентайы.

Содан анасы "Мадияржан, сен старостасың ғой. Қызымды саған тапсырайыншы. Өзі кішкентай. Өзі аңқау. Сен қарап жүр" деп маған тапсырды", - деді әзілкеш.

Өнер иесі бірінші курсты аяқтаған бойда әйелі Данаға құда түсіп барғанын да жасырмады.

"Сосын бірінші курсты бітіргенде құда түсіп бардым. Сол кезде анасы "Мен саған қарап жүргенде, бұлай қара демедім" дейді. Мен "Сөзімде тұрып, соңына дейін қараймын", - деп күлді Мадияр Серікбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050199-qyzymdy-sagan-tapsyram-madiyar-serikbaev-aielimen-qalai-tanysqanyn-aitty/