Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың берген соңғы сыйлығын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың өзіне сыйлаған соңғы сыйлығы көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі күйеуінен соңғы рет өзінің 40 жасқа толған туған күнінде сыйлық алған екен. Белгілі саясаткер келіншегіне өз суреттері бар ыдыс-аяқ тарту еткен.

Мақпал Жүнісова жолдасынан алған ерекше сыйлық туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

"Бұл Зәкеңнің соңғы сыйлаған сыйлығы. Қырық жасыма осындай ерекше сый берген. Бір жігіт менен 8 сурет сұрап келді. Содан қызығып, "Не істейін деп жатыр? Не сыйламақшы?" деп сұрап едім. Ол басында айтқысы келмей, артынан айтып қойды. Зәкең менің суреттерімді фарфор ыдыс-аяққа салғызғысы келіпті. "Украинаға тапсырыс беріп жатыр, соған жібермекші" деді әлгі жігіт. Мен Мерейдің 40 күндік шілдесінен шыққан суретімізді, сосын Зәкеңнің 30 жасында түскен суретін қосып беріп жібердім. Сөйтсем олар Зәкеңнің жас кезіндегі суреті мен менің суретімді қосып, ыдысқа түсіріпті.

Зәкең 40 жас туған күнімде сыйлығын ашып, пысылдап, ыдыстардың қорабын аша бергенде ең бетінен үлкен тәрелке шықты. Бетінде Зәкең екеуміздің суретіміз тұр. Шошып кетті. "Мына суреттерді кім берген?" деп таңғалды. Сосын мен біліп алғанымды айттым. Сонда Зәкең "әйелдерден ештеңе жасыру мүмкін емес" деп күлді. Адамның суреті салынған ыдыс-аяқты қолдануға болмайды екен. Сондықтан мен мұны мұражайға естелік, тарих ретінде қойып қойдым", – деді өнер иесі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050220-maqpal-zunisova-zamanbek-nurqadilovtyn-bergen-songy-syilygyn-korsetti-video/

pixel