Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеу балам 48 жаста": Бақыт Шадаева қызының отбасы жайлы айтты

Опубликовано:

Бақыт Шадаева
Бақыт Шадаева. Фото: instagram/bakhyt_shadayeva

Әнші Бақыт Шадаева қызы мен күйеу баласының жас айырмашылығы үлкен екенін жеткізді. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында отбасы жайлы сыр бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күйеу балам қазақтың баласы, анасы - татар ұлтынан. Әжесі де татардың қызы екен. Біз кезінде жұмыс бабымен Астанаға көштік. Қызым да жұмысқа орналасқан. Сол жұмыс орнындағы басшысы күйеу балам екен. 2014 жылдың соңында қайта Алматыға көшеміз.

Сол күні күйеу балам Алматыға іздеп келіпті. Қызым "Анашым, мен иә дедім" деп келіп тұр. Кім екенін сұрасам, "бастығым" дейді. Сол уақытта қызымның соңынан жүгіріп жүрген жігіттер көп еді. Өзінің көңілі ауғасын, кетті. Жас айырмашылығы бар. Күйеу баламыз өте үлкен болды. Бір рет отбасы құрып, ажырасқан. Бір қызы бар. Күйеу балам - 48 жаста. Қызым 32-де", - деді Бақыт Шадаева.

Сонымен қатар өнер иесі бүгінде қызы мен күйеу баласының бөлек тұрып жатқанын айтты.

"Құдағиым екеуіміз бір бірімізді қатты жақсы көріп қалдық. Біз Алматы қаласында, балаларымыз Астанада тұрды. Өкінішке қарай, құдағиым 2017 жылы өмірден өтіп кетті. Құда жоқ, құдағи жоқ, өзгерістер болды.

Қызым бірінен кейін бірін босанып үйде отырды. Күйеу балам өте көрікті адам. Жанында қыздар болды. Күйеу балам балаларын қатты жақсы көреді. Қазір қызым бөлек тұрып жатыр. Келесі жылы отау құрғандарына он жыл толады", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050223-kuieu-balam-48-zasta-baqyt-sadaeva-qyzynyn-otbasy-zaily-aitty/

pixel