jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Екі немерем бар": Нұрқанат Жақыпбай шетелге тұрмысқа шыққан қызы туралы айтты

    Нұрқанат Жақыпбай
    Нұрқанат Жақыпбай. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

    Қазақстан Республикасының қайраткері, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың тұңғыш қызы Италияда тұрады. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында шетелге тұрмысқа шыққан қызы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өнер иесінің айтуынша, оның бірінші некесінен Ботагөз есімді қызы бар.

    "Қызыммен қарым-қатынасым бар. 1971 жылы жаңадан театрға келгенмін. Ең алғашқы гастролім болатын. Атырауға гастрольге бардық. Қонақүйдің терезесінде отырдым. Бір уақытта хат келді. Жолдасым берген екен.

    "Қызыңмен құттықтаймын" депті. Тура туған күніме келді. Екеуміздің туған күніміздің арасы - 2 күн. Өмірге қыз келді. Сол күні "Ботагөз" деген спектакль болатын. Сонда ойнайтынмын. Содан кейін бәрі жиналып, аты "Ботагөз болсын" деді. Ол қыздың аты - Ботагөз. Италияда тұрады. Шетелге тұрмысқа шықты. Екі немерем бар, бір ұл, бір қыз", - деді Нұрқанат Жақыпбай.

    "Екі немерем бар": Нұрқанат Жақыпбай шетелге тұрмысқа шыққан қызы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.