Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біліп тұрмысқа шықтым": режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың жұбайы оның бірінші отбасы жайлы айтты

Опубликовано:

Нұрқанат Жақыпбай
Нұрқанат Жақыпбай. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақстан Республикасының қайраткері, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың жұбайы оның бірінші отбасы жайлы сыр шертті. Өнер иесінің жары "Алғашқы" бағдарламасында актердің балаларына қойған талабын да айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, өнер иесінің екінші жұбайынан Шоқан, Шыңғыс есімді екі ұлы бар.

"Театрға келіп, осы азаматқа жолыққаным тағдыр шығар. Ажырасқанына 7 жыл болған екен. Ол кезде қызы үлкен болды. Қызы тұрмысқа шыққан кезде де тойына барды. Оны менің отбасым да білді.

Анам "Сенің өткенің" деген сөз ауызыңнан шықпайтын болсын. Егер ұмыта алсаң, тұрмысқа шық" деді. Мен оның бәрін біліп, тұрмысқа шықтым. Ол кісі ешқашан жанжалға бармайды. Ренжіп қалуы мүмкін. Оның ренжігені - үндемегені. Оған жарым, жолдасым деп емес, өнер адамы, өнерге керек адам деп қарадым", - деді өнер иесінің жары.

Сонымен қатар Шолпан Сіргебаева күйеуінің балаларына қойған талабын да айтып берді.

"Әкесі "Балаларымның біреуі өнерге бармасын" деп талап қойды. Бірінші балам домбыраға құмар болды. Бойында өнері болғанмен, оны өзіміз өшірдік. Ал екінші балада оған мүмкіндік болмады. Дайындыққа алып барамын, спектакальге алып барамын. Ол балам "Мен әртіс болам, бітті" деді", - деп жан сырын ақтарды режиссердің жұбайы Шолпан Сіргебаева.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрқанат Жақыпбай бірінші некесінен туған қызы барын және оның шетелде тұратынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050485-bilip-turmysqa-syqtym-rezisser-nurqanat-zaqypbaidyn-zubaiy-onyn-birinsi-otbasy-zaily-aitty/

pixel