Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шүкіршілік жайлы әніне сай болу керек": Назгүл Қарабалина әнші Садраддинді сынға алды

Опубликовано:

Назгүл Қарабалина
Назгүл Қарабалина. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Бүгінде өзін продюсерлік қырынан танытып, үлкен концерттер ұйымдастырып жүрген Назгүл Қарабалина жас әншілерге өкпелі. Өнер иесі жас буынның көп дүниеге салғырт қарап, жауапкершілікті сезінбейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назгүл Қарабалина бұл тұрғыда жастар арасында кеңінен танымал Садраддин деген әншіге деген ренішін айтты. Актриса оның әншілігіне айтар сыны жоқ болғанымен, жауапкершілік жағы ақсап тұрғанын жеткізді.

"Садраддин деген әнші бар. Жастар арасында кеңінен танымал. Сапалы әндер жаздырған, өте еңбекқор бала. Соны концертімізге шақырмақ болып, хабарласқанымызда бірден келісті. Бірақ ешқандай дайындыққа келмеді. Екі концертке де қатысуға келісім берген. Бірақ шараға екі сағатқа кешігіп келді. Ол өте жақсы әнші, әндері де жақсы. Аллаға шүкіршілік айтатын әні де бар. Сондай әндерге өзі де сай болу керек деп ойлаймын.

Шүкіршіліктің артында жауапкершілік болу керек. Сен үшін жиналған халыққа деген алғысын болуың керек. Әртістің саханаға шығуы үшін жұмыс істеп жүрген қаншама адам бар. Солардың да еңбегің бағалау керек. Машинадан түскен бойда, спорт киімімен сахнаға шықты. Ешқандай сахналық образ жоқ. Қалың кофтасымен сахнаға шыға салады. Концертті ұйымдастырып жатқан қаншама адамның уайымы Садраддин болды. Әншілерде бәрібір де сахналық образ болу керек деп есептеймін", – деді Қарабалина.

Өнер иесі жастарға жоғары буынның әншілерінен үлгі алу керек екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050539-sukirsilik-zaily-anine-sai-bolu-kerek-nazgul-qarabalina-ansi-sadraddindi-synga-aldy/

pixel