Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші әйел ал дедім": Лаура Мырзахметова басынан өткен ауыр кезең жайлы айтып берді

Опубликовано:

Лаура Мырзахметова
Лаура Мырзахметова. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Қазақстандық танымал актриса Лаура Мырзахметова күйеуі екеуінің басынан өткен ауыр кезең жайлы сөз қозғап, жан сырын ақтарды. Ерлі-зайыпты он жылдай балалы бола алмай жүрген. Сол себепті өнер иесі жолдасына екінші әйел алуға өзі ұсыныс білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Лаура Мырзахметова күйеуінің артынан ұрпақ қалғанын қалап, екінші әйел алуға өз келісімін берген. Алайда жолдасы оның бұл шешімін құптамаған. Ол қандай жағдай болмасын келіншегімен бірге болғысы келген.

Араға он жыл салып, ерлі-зайыпты көптен күткен сәбиіне қол жеткізді. Актриса ЭКҰ әдісімен бала көтеріп, оны аман-есен дүниеге әкелген.

"Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Он дыл бойы көтере алмаған соң, айырылысайық деген сияқты жайттар болды. Мен күйеуіме "екінші әйел ал, рұқсатымды бердім" дедім. Қанша дегенмен еркектен ұқпақ қалу керек.Кейін туыстары мен жақындары да айтады. Сол себепті ұрпағыңды жалғастыр, екінші әйел ал, саған ризамын" деп айттым. Келісімімді бердім.

Бірақ жолдасым келіспеді. "Алла бізге осындай бақытты бұйыртып тұрса, оның да бір хайыры бар шығар" деді. Жолдасым басымызға не салса да, бірге көреміз деп қайырды. Жүктілікті ұзақ күттім. Шамамен он жылдай балалы бола алмай жүрдік. Сосын ЭКҰ жасатып, сәбилі болдық. Аяғым ауыр екенін білгенде қуанышымызда шек болмады. Жолдасым көңілшек, тіпті көзіне жас алып қалды", - деді актриса "Мамский әңгіме" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050545-ekinsi-aiel-al-dedim-aktrisa-laura-myrzaxmetova-basynan-otken-auyr-kezendi-eske-aldy/

pixel