Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енеме салтты мен үйреттім": Актриса Лаура Мырзахметова алғаш келін болған кезін есіне алды

Опубликовано:

Лаура Мырзахметова
Лаура Мырзахметова. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Отандық танымал актриса Лаура Мырзахметова алғаш рет келін болып түскен кезін есіне алып, басынан өткен қызықты жағдайлар туралы айтып берді. Моңғолия азаматына тұрмысқа шыққан өнер иесі бастапқыда енесіне салт-дәстүрді өзі үйреткен екен, деп жазады KAZ,NUR.KZ.

Лаура Мырзахметованың сөзінше, Моңғолияда салт-дәстүрлерді қатты ұстанбайды екен. Актриса алғаш келін болып түскенде ешкім өзіне орамал тақпағанын алға тартты. Ол енесінен орамал тағып беруін өзі сұраған.

Өнер иесі тіпті сәлем салғанда қайын жұрты таңғалып қалғанын айтты. Кейіннен Мырзахметова ата-енесіне Қазақстанда ұстанатын салт-дәстүрлерді түсіндіріп, оларға үйреткен.

"Моңғолияда салт-дәстүрді қатта ұстанбайды екен. Енемнің қатарластары орамал тағады екен. Ал менімен жасты әйелдер тақпайды екен. Қайссы келін, қайссы қызы екені түсініксіз. Ормала тағы деген жоқ. Енелер келіндеріне арнайы орамал тақпайды. Алғаш келін болып түскен кезде орамалды шымылдыққа тағып қойыпты. Киіз үйдің ішінде адам толып жүр. Шашу шашып кіргізді. Отқа май құю болған жоқ. Жарыт сағаттай отырдым. Ешкім орамал тақпады. Сосын жолдасымды шақырып алып, "орамал тақпай ма?" деп сұрадым.

Ол маған өзің таға берсеңші деді. Сосын "маманы шақыр" дедім. Біз жақта енесі орамал тағады ғой. Енеме соның бәрін түсіндірдім. "Сіздің жолыңызды берсін, маған орамал тағыңыз" дедім. Оны жасадық. Содан кейін ертесіне бәріне сәлем салып бастадым. Бәрі таңғалып жүр. Үшінші күні енеме сәлем салғанда бата беретінін айттым. Барып алып, енеме салтты үйреттім. Сосын менің орамал тағып, сәлем салғаныма үйренді", - деді актриса "Мамский Әңгіме" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050552-eneme-saltty-men-uirettim-aktrisa-laura-myrzaxmetova-algas-kelin-bolgan-kezin-esine-aldy/

pixel