Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АХАТ-қа оның орнына досы барды": Әділ Ахметовтің әйелі актермен қалай танысқанын айтты

Опубликовано:

Әділ Ахметов келіншегімен
Әділ Ахметов келіншегімен. Фото: Әлеуметтік желіден

Отандық танымал актер Әділ Ахметовтің келіншегі Айнұр Сұлтанмұрат алғаш рет ақтарыла сұхбат беріп, күйеуімен қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді. Өнер иесінің жары алғаш үйленген кезіндегі қызықты оқиғаларын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Сұлтанмұрат актердің келіншегі болу оңай емес екенін алға тартты. Ол алғаш тұрмысқа шыққан кезін есіне алып, АХАТ бөліміне күйеуімен емес, оның досымен барғанын айтты.

"Бәрі туған күн кешінен басталды. Туған күннен кейін Ақжарқын ол кісіге мен жайлы, маған ол кісі жайлы жарнама жасайды. Бірақ біз туған күннен кейін жақсы қоштаса алмай қалдық. Кішкене сөзге келіспей қалғанымыз бар. Маған Ақжарқын келіп, "Әділ сені қатты ұнатып қалды" деп айтты. Мен таңғалып қалдым. Сол қыз бізге бір-біріміз жайлы айтып жүрді. Академияда бір-бірімізді көріп жүрдік. Бәрі көзқарастан басталады демекші, кейін көзқарас ғашықтыққа ұласты. Біртіндеп сөйлесе бастадық.

Солай өзіміз байқамай қол ұстасып кеттік. Мен ұзатылып келген соң, он күннен кейін үйлену тойымыз болды. Сол он күн арасында біздің қазіргі өміріміз бастау алды. Ол кісі келе салып, түсірілімге кетіп қалды. Кино Қапшағайда түсіріліп жатты. Ол кездері АХАТ бөліміне алдын ала баратын еді ғой. Солай Әділ түсірілімде болып, оның орнына досы барды. Сондай қызық болды. Бірінші күннен бастап, біздің өмірімізде түсірілім, жол жүру, сағыну деген сияқты дүниелер болды", - деді актердің әйелі.

Сонымен қатар Айнұр Сұлтанмұрат жұлдызды күйеуін арасында қызғанып қалатынын жасырмады.

"Қызғанбаймын демеймін. Қызғанамын. Бірақ бәрі орнымен. Өзім осы саланы жақсы білгендіктен түсіністікпен қараймын. Қасына жолап кеткен әрбір қыздан қызғана бермеймін. Оның кейбір рөлдеріне қатысты айтып отырамын. Ғашықтың рөлін ойнасаң, бәрі сенетіндей жақсы ойнау керек деп айтамын. Одан кейін ол рөлі шығып, сол жерде ұшқын пайда болғанын сезсем қызғанамын", - деді Айнұр Сұлтанмұрат "Тағдыр жолы" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050591-axat-bolimine-onyn-ornyna-dosy-bardy-adil-axmetovtyn-aieli-aktermen-qalai-tanysqanyn-aitty/

pixel