Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күлпаштың арқасында ажыраспай қалдық": Берік Тұрсынбековтің атышулы рөлі бір жанұяны сақтап қалған

Опубликовано:

Берік Тұрсынбеков
Берік Тұрсынбеков. Фото: Youtube/Jibek Joly TV

Қалың көпшілікке "Күлпаш" ретінде танылған актер Берік Тұрсынбеков кинодағы образдары жайлы сөз қозғады. Өнер иесі атышулы рөлінің халық өмірінде ерекше орын алатынын атап өтті. Сөзінше, "Күлпаш" образы тіпті бір жанұяны сақтап қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Берік Тұрсынбеков "Күлпаш" рөлін сомдауды доғарғысы келсе де, әзірге бұл қадамға бара алмай жүргенін айтты. Себебі ол өзіне асқан танымалдылық әкелген образды қимайтынын жеткізді.

"Күлпашты" доғаруды жыл сайын ойлаймын, бірақ халық сұрағасын қайтадан жалғасын түсіре береміз. Театр ұжымына да соңғы рет түсірейік деп жүргеніме сегіз жыл болды. Халық "Күлпашты" жақсы көреді. Мені әйел көріп, менімен сырласқысы келетін қыз-келіншектер де бар. Әлеуметтік желідегі парақшама көп хат келеді. Бір келіншек "Күлпаштың" арқасында күйеуіммен татуластым, ажыраспай қалдық" деп хат жазыпты.

"Күйеуіммен ұрысып отырсам, теледидардан "Күлпаш болып жатыр екен, соған қарап отырып, езуімді жия алмай күліп отырдым. Оны күйеуім көріп, маған қарап күлімдеді. Сосын ажыраспайтын болдық. Татуласып кеттік" деді. Біздің атқарған жұмысымыз халықтың көңілінен шығып, бір отбасын сақтап жатса, бекерден бекер әйелді ойнап жүрген жоқ екенмін ғой деп қалдым. Қазір 16 бөлімнен тұратын "Зу-зу Күлпаш" дайын тұр. Жақында көрерменге жол тартады", – деді актер "Түнгі студияда".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050615-kulpastyn-arqasynda-azyraspai-qaldyq-berik-tursynbekovtyn-atysuly-roli-bir-zanuyany-saqtap-qalgan/

pixel