Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намыстандым, талай сөз естідім": "Келінжанды" түсірген Мамасарипова өзі қандай келін болғанын айтты

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова сұхбат кезінде
Гүлнұр Мамасарипова сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Қазақстандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова тұрмысқа шыққан кезін есіне алып, қызықты оқиғаларын бөлісті. Қалың көпшілік көңілінен шыққан "Келінжан" телехикаясын түсірген продюсер өзі кезінде қандай келін болғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Мамасарипова небәрі 18 жасында келін болып түскенін айтты. Ол бастапқыда отбасылық өмірге үйренісе алмай, қатты қиналғанын жасырмады.

Продюсер ханым қамыр жаю мен сиыр саууды тұрмысқа шыққан соң ғана үйренгенін жеткізді.

"Мен 18 жасымда келін болып түсіп, 19 жасымда ана атандым. Әженің қолында, жүз пайыз еркіндікте өскен қыз болдым. Мені ешқашан сиыр сауып, тамақ жасатып тәрбиелемепті. Барлығы дайынға үйренген баламын ғой. Солай жүргенде бір үйдің үлкен келіні болып түстім. Менің келін болып қалыптасуым басқа қазақ келіндерінен еш айырмашылығы жоқ. Мен көп нәрсені үйрендім, неше түрлі ыңғайсыз жағдайға қалған кездерім болды. Мен де намыстандым, мен де талай сөз естідім.

Ешкімге айтпай қаншама қамырды қоқысқа тастадым. Түнімен ешкімге көрсетпей қамыр жайып үйренетінмін. Мен ол кезде ҚазҰУ-да журналистика факультетінде оқимын, мектепті "Алтын белгіге" бітіргенмін. Сонда өзімді аяйтынмын. Бірақ соның бәрінен өттім. Сиыр сауып та үйрендік. Оны жолдасым үйретті. Таң атпай үйдегілерден ерте тұрып баратынбыз. Алғашқыда жолдасым сауып беріп жүрді. Кейін мені де үйретті", - деді продюсер "Мархабат" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050664-namystandym-talai-soz-estidim-kelinzandy-tusirgen-mamasaripova-ozi-qandai-kelin-bolganyn-aitty/

pixel