Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрын-соңды болмаған": Дариға Бадықованың фильмі он күннің ішінде қанша касса жинады

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: Instagram/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықованың тырнақалды туындысы - "Таптым-ау сені" фильмі рекорд жаңартты. 10 күн бұрын жарыққа шыққан фильм миллиард теңгеден астам касса жинады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықованың "Таптым-ау сені" фильмі небәрі 10 күн ішінде миллиард теңгеден астам табыс әкелген. Фильмнің кассалық түсімі 1 100 000 000 теңгені құраған. Бұл туралы Kinopark-Kinoplexx театрларының баспасөз қызметі хабарлады.

Кинотеатрлар желісі өкілдерінің айтуынша, бұндай көрсеткіш отандық кинопрокатта бұрын-соңды болмаған.

"Әдетте, фильмнің бюджеті қомақты болса немесе шетелде түсірілсе әрі премьерасы сәтті күнге жоспарланса ғана миллиардқа кеңелу мүмкіндігі жоғары деген таптаурын пікір бар. Дариға Бадықова аталған факторлардың ешқайсысы фильмнің прокатына еш әсер етпейтінін дәлелдеп берді. Толықтай Қазақстанда түсірілген, бюджеті өте қарапайым "Таптым-ау сені" ромкомы 1 желтоқсанда прокатқа шығып, қысқа мерзімде миллиард теңгеден астам касса жинады. Әрине, киноны түсірушілер табысқа жетудің өзіндік формуласын тапқан",  – деді Kinopark-Kinoplexx театрларының өкілдері. 

Сондай-ақ фильмнің саундтрегі Youtube желісінде 15 миллион қаралым жинап, бірінші орынға шықты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050750-1-milliard-100-myn-tenge-dariga-badyqovanyn-filmi-rekord-zanartyp-en-iri-kassa-zinady/

pixel