Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған "сіз" деп сөйлейді": продюсер Гүлнұр Мамасарипова қайын атасы туралы айтып берді

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Қазақстандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова алғаш рет ата-енесі туралы сөз қозғап, олармен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Продюсер алғаш келін болып түскен кезін есіне алып, қайын атасының мейірімділігін атап өтті. Айтуынша, күйеуінің әкесі ол үшін уайымдап, студент келініне ешкімге көрсетпей ақша беріп тұрған екен.

Оған қоса қайын атасы Мамасариповаға әлі күнге дейін "сіз" деп сөйлейді.

"Қайын атам маған әлі күнге дейін “Сіз” деп сөйлейді. Атыммен шақырған емес. Кейде "балам" дейді. Өйткені мен ол үйге бала болып келдім. Алғашқы келіндік өмірімнің қалай болатынын өзімнен кейін уайымдаған атам болды. Студенттік кезде ешкімге көрсетпей қалтама ақша салатын. Мен де баламын ғой, соны күйеуіме айтпай өзіме киім сатып алатынмын. Қайын атам мені бала күнімде көрген. Менің атам совхоз директоры болып жұмыс істегенде болашақ қайын атам сол ауылға жас маман болып келген. Әлі күнге дейін "Бұл Әнекеңнің баласы" деп айтып отырады. Жас келінге әкесінен кейін қайын атасының мейірімі әрқашан керек. Сонда келін ол шаңырақтан кетпейді", – дейді продюсер "Мархабат" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050755-magan-siz-dep-soileidi-prodyuser-gulnur-mamasaripova-qaiyn-atasy-turaly-aityp-berdi/

pixel