Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Актерлік бірде бар, бірде жоқ": Тәуекел Мүсілімнің жеке кәсіп ашқаны рас па

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Тәуекел Мүсілім. Фото: instagram/mussilim

Актер Тәуекел Мүсілім жақында Америкаға барып келген. Өнер иесі достарының ұсынысымен автокөлік тасымалдау кәсібімен айналысқалы жатқанын Revue News бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ

"Кәсіппен айналысқым келеді. Актерлік бүгін бар, ертең жоқ дүние. Оның үстіне жас келді. Жыл сайын жасармаймыз, қартаямыз. Сол себепті сұраныс та азаяды. Оның бәрін түсінеміз.

Жақында Америкаға барып келдік. Сол жақта достарымыз ұсыныс тастады. Автокөлік және басқа техника тасымалдау кәсібі жөнінде. Осыған дейін ерлерге арналған шаштаразым болды. Алайда ол бағытты жүргізу қиын екен. Әрдайым сол жерде жүруің керек. Ал мен түсірілімде жүремін", - деді Тәуекел Мүсілім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050815-akterlik-birde-bar-birde-zoq-tauekel-musilimnin-zeke-kasip-asqany-ras-pa/

pixel