Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігер Ауыпбаевпен әзілдескен Жұлдызай Дүйсенбиева оқырмандарынан сөз естіді (видео)

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев пен Жұлдызай Дүйсенбиева
Жігер Ауыпбаев пен Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өнердегі әріптесі Жігер Ауыпбаевпен әзілдескен. Алайда өнер иесінің әзілін қабылдамаған көпшілік оған ұрысып тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Дәл қазір кімге ашуып кеп тұр?", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Видеода актриса мен әншінің жаңа жылдық түсірілім барысында жүргенін байқауға болады.

Видео барысында актриса үнсіз отырған Жігер Ауыпбаевты қолындағы дәптерімен басынан ұрады. Ал Жұлдызайдың келе жатқанын әнші байқамай қалған.

Желі қолданушылары осы видеодан кейін Жұлдызай Дүйсенбиеваға пікір қалдырып, ұрысып тастаған.

"Сонша ұрғаны несі?", "Дұрыс емес", "Ер адамды олай ұруға болмайды", "Бастан ұрса, бақ таяды дейді", "Қатты ұрдың", - деп пікір білдірді желідегілер.

Алайда өнер иесі мұның әзіл видео екенін айтып, өзіне теріс пікір білдірген оқырмандарына ашуланды.

"Халқым-ау, бұл әзіл. Мені соншалықты "тәрбиесіз", "жынды" деудің қажеті жоқ", - деп жауап берді Жұлдызай Дүйсенбиева оқырмандарына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050970-ziger-auypbaevpen-azildesken-zuldyzai-duisenbieva-oqyrmandarynan-soz-estidi-video/

pixel