Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббатым": күйеуін туған күнімен құттықтаған Данагүл Темірсұлтанова естелік суреттерді бөлісті (фото)

Опубликовано:

актерлер
Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов. Фото: instagram.com/danagultemirsultanova

Актер Азат Сейтметов 59 жасқа толған. Жұбайын туған күнімен құттықтаған актриса Данагүл Темірсұлтанова оқырмандарына ерекше естелік суреттерді бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Туған күнің құтты болсын, махаббатым. Аллаға шүкір", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Азат Сейтметовті туған күнімен құттықтап, жылы лебізін арнады.

"Құттықтаймыз", "Данагүл, Азат екеуіңнің оқу орнын бітіргенде қорғаған дипломдық жұмыстағы спектакльдегі рөлдеріңе қатты қызыққан едім. Сен екеуіңнің сол спектакльде әдемі жұп екендеріңді байқап, екеуі бір отбасы болса керемет болар еді деп ойлағанмын. Тағдыр екеуіңе бірге болуды жазыпты. Ұзақ ғұмыр кешіңдер", "Керемет жұп", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың екі қыз бен бір ұлы бар. Өнер иелері бүгінгі таңда бірнеше немере сүйіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051016-maxabbatym-kuieuin-tugan-kunimen-quttyqtagan-danagul-temirsultanova-estelik-suretterdi-bolisti-foto/

pixel