Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен жүрген жолмен жүріп көр": Қайрат Нұртас жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: instagram/kair_n

Танымал хитмен Қайрт Нұртас көпшілікке жаңа суреттерін бөлісті. Өнер иесінің Instagram парақшасындағы жазбасы көпшілікті қызықтырып қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен жүрген жолмен жүріп көр. Жығылып, қайта тұрып көр. Түсінгің келсе, сен мені. Мен болып өмір сүріп көр", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын іліп әкетіп, жарыса пікір білдірді.

"Сен болып, өмір сүрсек арман жоқ", "Дұрыс айтасыз", "Әркімнің өз жолы бар", "Не істесең де, бұл сенің өмірің", "Бұл күнге қанша еңбекпен жеткеніңді білеміз", "Әркімнің тағдыры әр қилы", - деп жазды желідегілер.

Осы жазбасынан соң Қайрат Нұртас екінші суретін жариялады.

"Көзілдірік кисем де, қатты көрем. Қар жауса аспаннан... Алланың нұры деп, бәріңе бақыт тілегем", - деп өлеңдетті әнші.

Алайда хитмен бұл жазбасына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойды.

Айта кетейік, жақында концерттік бірінде Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз екеуіне қатысты қауесетке нүкте қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051027-men-zurgen-zolmen-zurip-kor-qairat-nurtas-zazbasymen-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-foto/

pixel