Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан аруы - 2023" атанған бойжеткеннің ең тартымды 10 суреті

Опубликовано:

Сабина Ыдырысова
Сабина Ыдырысова. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Күні кеше Алматыда "Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауы аяқталды. Жеңімпаз атанған Сабина Ыдырысованың ең әдемі суреттерін назарларыныңызға ұсынамыз, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан аруы - 2023" атанған бойжеткеннің Instagram парақшасында оқырмандары сағат санап өсуде.

Бойжеткен енді "Әлем аруы" байқауында Қазақстан атынан бағын сынайды.

Ару хореографиялық училищені тәмамдаған, кәсіби түрде балетпен айналысқан.

"Астана балет" театрында үш жыл жұмыс істедім. Биыл карьерамды аяқтап, өмірді жаңадан бастауды ұйғардым. Осы кезде кастинг-директор "Қазақстан аруы" байқауына іріктеу өтіп жатқанын айтты", - дейді Сабина.

Ыдырысованың айтуынша, ол енді актерлік шеберлігін шыңдап, модель болуға ниетті.

Ал қаржылай жүлденің жартысын "Әлем аруы" байқауына қатысуға жұмсағысы келеді, ал қалған жартысын ата-анасына бермек.

Қазақстан аруының бүгінгі таңда әлеуметтік желіде 2 мың оқырманы бар.

Желі қолданушылары Қазақстан аруының сұлулығына таңғалып, жарыса пікір білдіруде.

Желі қолданушыларының пікірінше, Сабинаның сырт келбеті ерекше әдемі.

"Әдемісіз", "Сұлусыз", "Керемет", - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, Алматыда "Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Биылғы байқаудың жеңімпазы Сабина Ыдырысова болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051037-qazaqstan-aruy-2023-atangan-boizetkennin-en-tartymdy-10-sureti/

pixel