Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анам оны іздеген жоқ": Әнші Құдайберген Бекіш әкесі туралы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Құдайберген Бекіш
Құдайберген Бекіш. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Құдайберген Бекіш әкесі туралы сыр шертіп, балалық шағындағы жылы естелігін біөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің сөзінше, әкесі оның төрт жасында дүниеден өткен. Ол әкесіне қатысты естелігін бөлісіп, оның туыстарымен қарым-қатынасы қандай болғанын айтты.

"Әкем ерте кетті. Төрт жасыма дейін болды. Маған гармон деп аталатын аспапта ойнауды үйреткен. Сол сәт қана есімде қалыпты. Анам маған "әкең Қазалы деген жерде қайтыс болды" деді. Менің руым - Әлім. Содан кейін әкемді көрген жоқпын. Анам оны іздеген жоқ. Ерте есейіп, мен Алматыға кетіп қалдым.

Әкемнің туысқандары болды. Жаскезімде маған жақсы көмектесті. Ол кезде мен анамның қасында болдым. Бірақ мен табиғатымнан ерте есейген жігітпін. Есейген соң, мен ешкімнің көмегіне зәру болған жоқпын. Бәріне өзім қол жеткізгім келді. Бесінші сыныпта қауын сатып, тапқан аөшамызды анамызға беретінбіз. Біз солай өстік", - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051044-anam-ony-izdegen-zoq-ansi-qudaibergen-bekis-akesi-turaly-zan-syryn-aqtardy/

pixel