"Бақытты жанұя": атышулы Байзақова желіде ерекше отбасылық видео бөлісті
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желіде ерекше отбасылық видеосын бөлісіп, ел жүрегін елжіретті. Бейнежазбада актриса күйеуі мен екі ұлымен бірге түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында ғана екінші ұлын дүниеге әкелген Айжан Байзақова оқырмандарын отбасылық видеомен қуантты.
Желі жұлдызы Instagram парақшасында күйеуі мен екі перзентінің қасында отырған бейнежазбасын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Көпшілік блогер арудың нағыз бақытын тапқанына қуанышын жеткізуде.
"Бақытты жанұя. Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Көз тимесін. Айжанға осындай бақытты өмір жарасады", "Айжан өз образынан шығып, сүйкімді ана болып қалыпты", "Шынайы бақытын тапты. Күйеуі өте жақсы жігіт, жарады", "Нағыз еркек. Осы жігіттен үлгі алыңдар", "Бақытты болыңыздар", - деп жазуда оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051165-baqytty-zanuya-atysuly-baizaqova-zelide-erekse-otbasylyq-video-bolisti/