Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Димаш Құдайберген мен Бибігүл Төлегенова
Димаш Құдайберген мен Бибігүл Төлегенова. Видеодан кадр: Instagram/kudaibergenov.dimash

Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген қазақ эстрадасының дүлділі Бибигүл Төлегенованы туған күнімен құттытады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Бибігүл Төлегеноваға ақ тілегін жолдап, Халық әртісін бүкіл қазақ даласын әлі күнге дейін тербеп келе жатқан әуезді әндері үшін рақмет айтты.

"Бүгін - қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылардың бірі, опера жанрынан бастап халық ән-күйіне дейінгі аралықтағы жанрдың бәрін жетік меңгерген ұлы әнші, Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туған күні!

Құрметті Бибігүл апа! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мәнді де мағыналы өміріңіз, пайым-парасатыңыз бізге өнеге. Құдай берген дарынды еңбекпен ұштастыра білген, ұлтқа деген мейір-махаббатыңыз бізге үлгі.Бүкіл қазақ даласын әлі күнге дейін тербеп келе жатқан әуезді әндеріңіз үшін рақмет! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Деніңізге саулық тілеймін! Тағы да туған күніңізбен, Апа", - деп ақ тілегін білдірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051190-dimas-qudaibergen-bibigul-tolegenovany-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel