Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойланып жүр": Мөлдір Әуелбекованың сахнадан кететіні рас па (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекованың өнер әлемінен кетуді ойлап жүргені белгілі болды. Бұл жайлы әнші Ғаділбек Жаңай Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мөлдір "Өнерден кетсем бе" деп ойланып жүр екен. "Қыз балаға қиындау" дейді", - деп жазды Ғаділбек Жаңай.

Видеодан Мөлдір Әуелбекова мен Ғаділбек Жаңайдың дастарқан басында отырғанын байқауға болады.

Ал желі қолданушылары сүйікті әншісінің бұл жаңалығына жарыса пікір жазып, Мөлдір Әуелбекованың сахнадан кеткенін қаламайтынын жеткізді.

"Құдайдың берген өнерін тұншықтыруға болмайды", "Дауысы керемет", "Сағынамыз", "Соңғы кезде көрінбей кетті", "Кетпесін", "Дауысы жақсы", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051363-oilanyp-zur-moldir-auelbekovanyn-onerden-ketetini-ras-pa-video/

pixel