Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең әдемі шағы әйелдің": Фариза Төреәлі аяғы ауыр кезіндегі суреттерін жариялады

Опубликовано:

Фариза Төреәлі
Фариза Төреәлі. Фото: Instagram/farizatoreali

Жақында тұңғышын дүниеге әкелген Фариза Төреәлі алғаш рет желіде аяғы ауыр кезіндегі суреттерін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі Instagram парақшасында ерекше отбасылық фотосессиясын жариялап, көпшіілкке өзінің аяғы ауыр кезіндегі түрін көрсетті.

"Ең әдемі шағы әйелдің. Раббымыздан тілеп алған бақытым. Ең әсем күйге бөленуді нәсіп еткен шексіз мадақтар жаратушымызға", - деп жазды ол фото астында.

Желі қолданушылары блогер арудың фотоларына тәнті болып, жылы лебізін білдіруде.

"Қандай әдемісіз. Жүктілік сізге сондай жарасады екен", "Бақытты жанұя. Балаларың көп болсын", "Ішіңіз ұлға ұқсайды екен", "Осындай бақытты сәттеріңіз көп болсын", "Жүктілігіңізді жалған дегендер жандар тыныштық тапқан шығар", "Шынымен әйелдің ең әдемі шағы осы", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев желтоқсанның басында ата-ана атанғанын хабарлаған болатын. Алайда ерлі-зайыпты тұңғышының жынысын әлі де жария етпеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051612-en-ademi-sagy-aieldin-fariza-toreali-ayagy-auyr-kezindegi-suretterin-zariyalady/

pixel