Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екатерина Жолбарыс: Сейфуллиннің бұрынғы әйелінен кешірім сұраймын

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс әйелімен
Сейфуллин Жолбарыс әйелімен. Фото: Instagram/kat_azalaniss

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі Екатерина алғаш рет отбасылық өмірі жайлы ашылып сұхбат беріп, күйеуімен қалай табысқанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сейфуллин Жолбарыс Екатеринамен алғаш танысқан кезде бірінші әйелімен әлі заңды түрде ажыраспаған болып шықты. Бұл жайтты білген бойда Екатерина онымен таныстықты тоқтатқысы келген.

Алайда әнші келіншегімен қарым-қатынасы оған дейін бұзылғанын айтып, некесінің сәтсіз аяқталуына оның еш қатысы жоқ екенін түсіндірген.

"Біз танысқанда ол кісі бұрынғы отбасымен ажыраспаған еді. Маған сезімін білдірген кезде: "Сіздің отбасыңыз бар. Болмайды, ұят болады. Мен сіздің әйеліңіз бен балаларды біле тұра, аттап кете алмаймын" дедім. Бірақ ол кісі сол кезде-ақ "біздің отбасымыз шегіне келіп қалды, мен ол кісімен бәрібір ажырасамын, сен болмасаң да сенің орныңда басқа біреу болады" деді. Бұл ешкімге ұнамайтын жағымсыз жағы ғой. Өмір болған соң бәрі болады. "Ол кісімен тіл табыса алмадым. Оның іздегені басқа әлем, менікі басқа" деді. Онсыз да ажырасайын деп жүрген адамдар болған. Менің оған еш қатысым жоқ. Содан кейін бұл тақырыпты қозғамадық. Өйткені Сейфуллиннің айтқысы келмейтін тақырыптың бірі" , – деді Екатерина "Менің өмірім" бағдарламасында. 

Сондай-ақ Екатерина Сейфуллин Жолбарыстың бірінші әйелінен кешірім сұрады.

"Бұрынғы жұбайымен бетпе-бет кездестік. Бірақ ашылып сөйлесе алмадық. Сейфуллин екеумізге қатты ренжігенін айтты. Кім болса да, осылай ренжитін еді. Осы сәтті пайдаланып кешірім сұрағым келеді, мен әдейі немесе қасақана жасаған жоқпын. Отбасының ажырауына менің қатысым жоқ. Үлкен қызы менімен араласпайды. Ұлы біздің қолда тұрады. Сахнаға шығып бірге ән айтып жүр" , – деді Екатерина. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051630-ekaterina-zolbarys-seifullinnin-burynygy-aielinen-kesirim-suraimyn/

pixel