Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заттарымызды сыртқа шығарып тастады": Қуаныш пен Қарлығаш отау құрған кезін еске алды

Опубликовано:

Қуаныш пен Қарлығаш
Қуаныш пен Қарлығаш. Фото: instagram/kuanysh_karlygash

Қазақстандық шоубизнестегі танымал жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш алғаш шаңырақ көтерген жылдарын еске алып, басынан өткен жағдайларды баяндап берді. Ерлі-зайыпты бастапқыда баспаналы бола алмай, пәтер жалдап тұрғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуаныш пен Қарлығаш пәтер таба алмай қиналып жүрген кезде оларға әнші Ақбота Керімбекова көмек қолын созған. Ол енді ғана шаңырақ көтерген жас жұбайларға анасының қасындағы үйге тұруды ұсынған.

Ерлі-зайыпты біраз уақыт сол үйде тұрып, кейін көшуге мәжбүр болған. Олар уақытылы пәтерақыны бере алмаған соң, Керімбекованың анасы олардың заттарын далаға шығарып тастаған.

"Ақбота әпкеміз жанашырлықпен "анамның үйінің алдында бір бөлмелі жазда отыратын үй бар, соған барып тұрыңдар. Айына 10 мың теңге беріп тұрсаңдар да жетеді" деген еді. Шынайы жанажырлықпен айтқанын білдік. Ол кезде сол үйге шын мұқтаж едік. Ақбота әпкемізге сеніп, сол үйге көшіп бардық. Анасын да танымаймыз. Балалықпен ескертпей түрлі қалаға кетіп қалатынбыз. Атырауға кетіп, сол жақта бірнеше күн қалып қалдық. Уақытысында пәтерақыны бере алмадық. Соған анасы ашуланған көрінеді. Бір күні келсек заттарымыздың бәрін сыртқа шығарып тастапты. Иесіз далада қанша күн тұрғанын білмейміз, келсек киімдеріміз су болып, көктеп кетіпті. 

Ол кісімен таныстығымыз жоқ. Тек Ақбота әпке арқылы ғана танимыз. Ол кісіге ренжіген жоқпыз. Әпкемізге де әлі күнге дейін алғыс айтамын. Қатты қиналғанда қол ұшын беріп, жанашырлық танытты. Бізден де қателік кетті. Атыраудан келген күні Бақтияр Тайлақбаевпен жолығып, жұмыс жөнінде сөйлесуім керек еді. Сол кездесуге киетін киімі болмады. Заттың бәрі жарамсыз болып қалған ”, – деді әнші "Жұлдызды weekend" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051652-zattarymyzdy-syrtqa-sygaryp-tastady-quanys-pen-qarlygas-otau-qurgan-kezin-eske-aldy/

pixel