Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басым екеу емес": Құдайберген Бекіш концертіне билеттерді ұстаздарға мәжбүрлеп сатып жатқаны рас па

Опубликовано:

Құдайберген Бекіш
Құдайберген Бекіш. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданында Құдайберген Бекіштің кешіне арналған билетті мұғалімдерге қинап сатып жатқаны жайлы ақпарат тарады. Танымал әнші KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, бұл ақпараттың жалған екенін мәлім етті.

"Осындай концерттер қашан бітеді? Құдайберген Бекіш, сіздің концертке билеттер күштеп сатылып жатқанын білесіз бе? Әрине, білмейсіз. 1000-2000 теңге болса, бәлкім үндемес едім. 10 мың теңгелік билетті мәжбүрлі түрде алғызу дұрыс емес", - деп жазды депутат Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында.

Осы жазбаға байланысты әнші Құдайберген Бекіш KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Іле ауданында ешқандай концертім ұйымдастырылып жатқан жоқ. Ондай бағаға тек Димашқа ғана келуі мүмкін. Екіншіден, ол менің Алматыдағы концертім. Ешкім ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқ. Қазір кім кімді мәжбүрлей алады? Бұл менің кішкентай ғана концертім. Жылда жыл соңында концерт ұйымдастырып, қайырымдылық ұйымдастырамын. Ақша қуған адам емеспін.

Бармаймын деген адамды ешкім сүйреп әкелмейді ғой. Ешкімнің екі басы жоқ. Билетті Алматы облысына апарып, таратқан емеспін. Бұл дұрыс емес. Көреалмаушылық та көп қой. Қылт етсең болды, сенің жаман жағыңды көреді", - деді Құдайберген Бекіш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051654-basym-ekeu-emes-qudaibergen-bekis-koncertine-biletterdi-ustazdarga-mazburlep-satyp-zatqany-ras-pa/

pixel