Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Нұржан Керменбаев әйелін қалай еркелететінін айтты

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев жұбайымен
Нұржан Керменбаев жұбайымен. Видеодан кадр: Youtube/ELLE Kazakhstan

Әнші Нұржан Керменбаев пен жұбайы Назерке 2015 жылы шаңырақ көтерді. Өнер иесі ELLE Kazakhstan Youtube арнасына берген сұхбатында әйелін неке қиған сәттен бастап ерекше еркелетіп атайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен негізі "Қәтөш" деп еркелетемін. Неке қиғаннан бастап солай еркелетем. Маған одан артық еркелік жоқ сияқты. Өзімнің жеке, ерекше еркелетуім. Осылай айтатын екі жігітті білемін. Түбі "қатын" деген сөзден шығады. "Ханның әйелі" деген мағынаны білдіреді. Өте жақсы еркелету деп білемін", - деді Нұржан Керменбаев.

Ал әншінің жұбайы Назерке өзіне бұл еркелетудің ұнайтынын айтты.

"Маған ұнайды", - деді Назерке Керменбаева.

Айта кетейік, Нұржан Керменбаев пен жұбайы Назерке 2015 жылы шаңырақ көтерді. 2022 жылы әншінің төртінші перзенті дүниеге келді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұржан Керменбаев пен әнші Элизат Берікова бірге көзге түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051660-ansi-nurzan-kermenbaev-aielin-qalai-erkeletetinin-aitty/

pixel