Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матай отбасымен Мальдив аралдарында қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Аша Матай демалыста
Аша Матай демалыста. Фото: Instagram/asha_matai

Отандық танымал тележүргізуші әрі әнші Аша Матай бүгінде отбасымен Мальдив аралдарында демалып жатыр. Өнер иесі ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұмыс сапарымен шетелге жиі шығатын Аша Матай бұл жолы отбасымен демалып қайтуды шешкен. Жұлдызды жанұяның таңдауы Мальдив аралдарына түскен.

Бұл демалысқа Аша Матаймен бірге апасы, Баян мен Тұрсын Алагөзовтер, Бағым Мухитденова мен тағы бірқатар отандық жұлдыздар барған.

Өнер иесі желіде асқан белсенділік танытып, демалысынан фото мен видео жариялауда.

Сонымен қатар жұлдызды әулет кеше Баян Алагөзованың кіші қызы Айарудың туған күнін атап өткен.

Желі қолданушылары Аша Матайға жақсы демалыс тілеп, жылы лебізін білдірген.

"Жақсы демалып қайтыңыздар, елге аман-есен оралыңыздар", "Сондай керемет отбасы", "Жанұяларыңыз қатты ұнайды. Үнемі шулап көңілді жүресіздер", "Татулықтарына тәнтімін", "Бізге де Мальдив аралдарына бару бұйырсын", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051678-asa-matai-otbasymen-maldiv-araldarynda-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-foto-video/

pixel