Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Байзақова тұңғыш ұлын күйеуінің отбасы қалай қабылдағанын айтты (фото)

Опубликовано:

Айжан Байзақова отбасымен
Айжан Байзақова отбасымен. Видеодан кадр: Instagram/bayzakova

Блогер Айжан Байзақова бірінші ұлы мен қазіргі ата-енесінің қарым-қатынасы жайлы айтты. Ол Instagram парақшасында тұңғышы мен күйеуінің әке-шешесі алғаш кездескен сәтті еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі блогерден "Нұрбектің ата-анасы мен Аланның қарым-қатынасы қандай?", - деп сұраған.

Ал Айжан Байзақова олардың алғаш кездескеннен бастап бір-біріне бауыр басып кеткенін айтты.

"Алан оларға алғаш көргеннен-ақ "Ата, апа" деп жүгірді. Олардың мейірімі оянып, күні бойы бір-бірінен ажырамады. Біз оны үйретпеген едік. Қазірдің өзінде ол Нұрбектің анасының жанында ұйықтайды. Тіпті бізге "Апаға тыныштық беріңдер. Дубайға демалып келсін. Неге мазасын аласыңдар" деп ұрысады", - деп жазды Байзақова.

Айта кетейік, Айжан Байзақова биыл тұрмысқа шығып, екінші сәбиін өмірге әкелді.

Айжан Байзақова сторис
Айжан Байзақова сторис. Скриншот: instagram.com/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051680-aizan-baizaqova-tungys-ulyn-kuieuinin-otbasy-qalai-qabyldaganyn-aitty-foto/

pixel