Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сотқа берді": Айқын Төлепберген белгілі сазгермен дауласты

Опубликовано:

Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали
Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали. Фото: instagram.com/aikyn

Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген өз репертуарындағы "Отыздан асып барамын" әнінің авторымын деген сазгер Садық Қынатпен дауласып қалды. Белгілі сазгер өнер иесінің аталмыш әнді рұқсатсыз орындап жүргенін айтып, оны сотқа берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші мен сазгер "Хабар" арнасындағы бағдарламада өз арасындағы дауға қатысты пікір білдірді. Садық Қынат "Отыздан асып барамын" әнін өзі жазып шығарғанын алға тартып, оны рұқсатсыз орындап жүрген Айқынды сотқа бергенін айтты.

"Отыздан асып барамын" әнін 1993 жылы өзімнің 40 жасыма жазғанмын. Қазір 70-темін. Мұны ауылда отырыстарда "қырықтан асып барамын" деп айтып жүрдім. Кейін әншілер сұрағаннан кейін Мұқағалидың сөзіне жазылған әнге айтып жүрдім. Көп жерде менің әнім екенін біледі. Бүкіл түркістандықтарға танымал ән. Ал Айқын Төлепберген орындаған кезде менің аты-жөнімді айтпайды. Оған хабарласқанымда "бұл ән сіздікі емес, Тұрсынғазы Рахимовтан алдым" дейді. Адам ішінен шыққан туындысын ешкімге бермейді ғой. Айқын маған хабарласып, рұқсат сұрамаған. Мен оған өзім хабарласып, осы әнді бір кеште орындап беруін сұрағанмын. Бірақ ол уақыты жоқ екенін айтып, "ән сіздікі емес" деді. Сол себепті өз құқығымды қорғау үшін сотқа бердім", – деді сазгер. 

Алайда сот процесі нәтижесінде Айқын Төлепберген бұл істі жеңіп шыққан. Оның айтуынша, авторлық қоғамда аталмыш әннің авторы мүлдем басқа адам екен.

"Маған хабарласып, Отыздан асып барамын" әнінің авторымын деді. Баласы хабарласып, ақша сұрады. Содан кейін мен авторлық қоғамға сұраныс жібергенде әннің авторы басқа адам деп жазылған. Кейін ағайға хабарласып, мұны айттым. Мені сотқа берді. Сот үрдісі өтті, мен сотта ұтып шықтым. Сөйтіп, мәселе жабылды", – деді әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051686-sotqa-berdi-aiqyn-tolepbergen-belgili-sazgermen-daulasty/

pixel