Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігер Ауыпбаев: Ата-анам мені емдету үшін үйін сатты

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев
Жігер Ауыпбаев. Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Әнші Жігер Ауыпбаев бала кезінде ауыр дертке шалдығып, ота жасатқан. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ата-анасының өзін емдету үшін үйін сатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"6-сынып оқып жүрген кезім болуы керек. Сол кезде өлім ауызынан қалдым. Ота жасалды. Сол кезде өзі қиын кезең еді. Теңге ауысып, анам мен әкем жұмыстан қысқарған. Қырсыққанда мен де ауырып қалдым. Ауыр диагноз. Мені ауруханаға жеткізеді. Сол кезде бас дәрігер мен хирург "Мына баланы өлтіріп аласың. Жоқ, жоқ" деп әңгімелесуде. Мен ұйықтап кетіп, қайта оянам. 6-7 айдай ауруханада жаттым.

Сыртта не боп жатқанын білмейсің. Үйді сағындым. "Ертең шығасың" дегенде, "Бүгін шыға берсем бола ма?" деймін. "Ата-анаңа ескертіп қойдың ба?" дейді. Мен "Иә" дей саламын. Өзім шыдамсызданып, үстімдегі жұқа киіммен үйге жүгіремін ғой. Ауруханадан түрмеден қашқандай қаштым. Есікті қағып, "ана-әке" деп кіріп келсем, басқа адамдар тұрып жатыр. Жүгіріп әжемнің үйіне барамын. Сөйтсем, менің дәрілеріме ақша керек болып, үйді сатып жіберіпті. Содан бастап "Мен үшін үйді сатты. Енді ата-анама үй әперем" деген мотивация пайда болды", - деді Жігер Ауыпбаев.

Сонымен қатар Жігер Ауыпбаев арманы орындалып, ата-анасына үй алып бергенін де айтты.

"Алматыға келгеннен кейін кафеге жұмысқа орналастым. Оқуға үш жыл тапсырып, түсе алмадым. Алматыға үш айда әнші болам деп келгенмін. Бір жыл жүрдім дым шықпады. Анам "Ауылға қайт" дегенде, "Оқуға түстім" деп өтірік айттым. Cодан байдың мейрамханасына жұмысқа орналастым. Күніне 7 мың теңге төлейді. Бұрынғы кафеде 500 теңге алатынмын.

Зәулім сарай болмаса да, үй алдым. Үйдің құжаттарын апарып беремін. Бәріміз жылап, керемет болды. Қиыншылықпен жүргенде біраз қарызданған едік. Оның бәрін жаптық", - деді Жігер Ауыпбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051712-ziger-auypbaev-ata-anam-meni-emdetu-usin-uiin-satqan/

pixel